БАҚ туралы ҚР жаңа заңы үш-төрт жылсыз жасалмайды – Қалеева

Күні: 19:17, 04-03-2020.

Алматы. 4 наурыз. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанда БАҚ туралы жаңа заң үш-төрт жылсыз жасалмайды, деп санайды «Әділ сөз» Халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Қалеева.
«Мен шығады деп (БАҚ туралы жаңа заң – ҚазТАГ) үміттенемін, бірақ қашан – бұған сізге ешкім нақты жауап бере алмайды. Не болғанда да қазіргі қарқынмен жүрсе, қазір біз байқап отырғанымыздай, үш-төрт жылсыз болмайды. Әзірге әйтеуір тұжырымдамаларды салыстырып жатыр, сосын үлкейткіш әйнек арқылы барлық мекемелер қарайды, барлық мамандар қарайды. Жалпы бұл тез бітетін процесс емес», - деді Қалеева сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Ол атап өткендей, 2017 жылы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев уәде өткендей, жаңа заңды дайындау жақында басталады.
«Абаев 2017 жылы біз соңғы түзетулерді қосып жатырмыз және халықаралық стандарттар негізінде БАҚ туралы жаңа заңды әзірлеуді бастаймыз деп еді. Бұл сөздерін 2018 жылы да қайталады. Қазір де олар сөйдеп отыр – жаңа түсініктер керек және тағы сол сияқты», - деп атап өтті ол.


Жаңалықтармен бөлісу: