Алматы. 30 қаңтар. ҚазТАГ- Бақытжан Сағынтаевтың орнына Ерболат Досаев Алматы әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымынан босатылсын» делінген Ақорда жариялаған хабарламада.
Досаев 2019 жылғы ақпаннан бастап Ұлттық банктің төрағасы болды, бұған дейін 2017 жылғы тамыздан бастап вице-премьер болды, ал бұрын – 2016 жылғы мамырдан бастап "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингін басқарды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды» делінген Ақорда жариялаған хабарламада.
Сағынтаев 2019 жылғы маусымнан бастап Алматы әкімі болды, бұған дейін ол Президент Әкімшілігін басқарған, бұдан бұрын да 2019 жылғы наурызда Мемлекеттік хатшы, ал бұған дейін – 2016 жылғы қыркүйектен бастап премьер – министр қызметін атқарған болатын.
Еске сала кетейік, дәл Досаев Алматының әкімі болатынын ҚазТАГ бір күн бұрын, 30 қаңтарда хабарлаған болатын.