Балқаш 80 жылдық мерейтойын атап өтті

Күні: 18:05, 19-09-2017.

Балқаш. 19 қыркүйек. ҚазТАГ - Балқашта өткен сенбі күні, 16-шы қыркүйекте қаланың 80 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтті, деп хабарладыоблыс әкімінің ресми сайты.  Балқаштықтарды мерейтойымен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов құттықтады.
- Сіздермен кездесуге дайындалғанда, Балқаш қаласын бір сөзбен сипаттағым келді. Ол сөз ең басты ерекшелікті көрсетуі керек еді. Көп ойландым, көп іздедім. Сонан соң Елбасының айтқан сөзіне көзім түсті. Өзінің 2000-шы жылғы сапарында ол Балқашты Қазақстанның мақтанышы деген еді. Балқаш шынымен де мақтан тұтарлық қала! – деді аймақ басшысы салтанатты жиын барысында.
Мерейтой аясында «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атақтары берілді. Оны шаһардың үш тұрғыны: Борис Соболев – Қазақстанның құрметті эенергетигі және Балқаш қаласының құрдасы, Людмила Түкбаева – білім ардагері, қала әкімінің бұрыңғы орынбасары, туған қаласына ондаған туындыларын арнаған суретші Өміркелді Әбеуов.
Балқашта мерейтой шеңберінде стела ашылды. Үш бұрышты оқ пішіндес мұнара қаланың болашаққа ұмтылатынын белгілейді. Композицияның авторлары ҚР суретшілер Одағының мүшелері Жанат Комутов пен Қаныш Балабеков.
Қалада мерейтойлық жылда жолдар жөнделді және абаттандыру бойынша бағдарлама жүзеге асырыла бастады. Шаһардың дамуы әрі қарай да жалғасады деді облыс әкімі.
- Осы жыл жасалғандар ол тек үлкен жұмыстың басы ғана, - деді Ерлан Қошанов. – Келесі жылы Балқашта ВЛКСМ 30 жылдығының саябағы қайта қалпына келтірілетін болады. Балқаштықтар оны көптен күткен еді. 2018-ші жылы абаттандыру жұмыстарына шамамен 1 миллиард теңге бөлінбек. Ол қаражатқа жағажай, Тәуелсіздік алаңы, жолдар және аулалар, жарық жөнделеді. Біз сонымен қатар Қоңырат шағын ауданын қалыпқа келтіруді жоспарлап отырмыз. Оған 500 млн теңге қаржы бөлмекпіз. Жәнеде туризмді дамытуды қолға аламыз. Қомақты қаражат жағажайдағы инфрақұрылымды дамытуға жұмсаймыз.
Балқаш қаласында бірінші дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп ашылады. Сонымен қатар аймақ басшысы келесі жылы Балқаш – Қарағанды – Алматы төрт жолақты автобанының құрылысы басталатынын жеткізді. Тұрғын үй құрылысы, мектеп, аурухана және балабақшалардың жөндеу жұмыстары өткізіледі.
Балқаш аймағында көгалдандыру бойынша бағдарлама енгізілмек. 2018-ші жылы 5000-нана астам ағаш отырғызылады.
Мерейтоды балқаштықтар ауқымды түрде атап өтті. Мерекені тойлауға Ресейден және еліміздің басқа аймақтарынан жерлестер жиналған. Көл жағалауында киіз үйлер тігілді. Сонымен қатар автошеру ұйымдастырылды – қала көшелерінің бойымен ту тіккен көліктер мен байктар жүріп өтті. Бұл күні костюм киген адамдар флеш-моб, қалықдықтар шеруі, Балқаш тіралы әндер фестивалі өткізілді. Сондай-ақ жас жұбайлар мен Балқаштың 80-жылдығына арналған байқаулардың жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.
Балқаштың мерейтойын атап өтуге атақты ресей рок-тобы «Чайф» келді. Бұл «Қазақмыс» Корпорациясының қала тұрғындарына сыйлығы. Мерекелік концертте сонымен қатар кзақстан эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті. Салтанатты шаралар соңында отшашу болды.


Жаңалықтармен бөлісу: