«Балқаш барысы» ислам дінін қабылдады

Күні: 14:21, 28-06-2017.

Астана. 28 маусым. ҚазТАГ – Атақты боксшы Василий Жиров ислам дінін қабылдады, деп хабарлады елорда әкімшілігінің ресми сайты. Хабарда айтылғандай, Атланта олимпиадасының чемпионы, «Баркер» кубогының иегері (Тәуелсіздік алғалы алғаш рет), кәсіби бокстан IBF тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы (1999—2003 гг.), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, «Парасат» орденінің иегері, «Балқаш барысы» Василий Жиров «Нұр Астана» мешітінде ислам дінін қабылдады. «Әзірет сұлтан» мешітінің ресми сайтында Жировтың ислам дінін Ид-уль-Фитр (Ораза Айт) мерекесіне орай қабылдағаны айтылған.


Жаңалықтармен бөлісу: