Балаларға арналған арнайы құрылғылар туралы норманы кейінге қалдыру жаңа ЖКО тудырады - ІІМ

Күні: 16:29, 20-01-2015.

Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Балаларға арналған арнайы креслолар мен құрылғылдарды пайдалану туралы талаптарды кейінге шегеру ЖКО жаңа оқиғаларын туындатады, деп мәлімдеді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқармасының бастығы Қанат Сәдуақасов.
  
«Біздің есептеуімізше ЖКО-да жыл сайын 7-10 балаға дейін көз жұмса, 140-150 бала жарақат алады. Бұл бүгінгі таңдағы басты мәселе... Ал енді аталмыш норманы (ҚР-да енгізу - ҚазТАГ) 12 айға кейін шегеру кінәсәз балалар өлімін тағы көбейтеді», - деді Қ.Сәдуақасов сейсенбіде «Ақ жол»  демократиялық партиясының орталық кеңсесінде өткен ҚР «Жол қозғалысы туралы» заңының жаңа нормаларына арналған дөңгелек үстел барысында.  

Әкімшілік полицияда қазіргі таңда қазақстандық жүргізушілерге тек ескерту жасалып жатқанын, бірақ ешқайсысына айыппұл салынбағанын атап өтті.  

Еске салсақ, «Ақ жол» партиясының фракциясы 2015 жылы іске қосылған 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау жөніндегі жаңа норманың әрекетке енуін бір жылға кейін шегеруді ұсынған болатын.

«Белгілі болып отырғандай, ҚР «Жол қозғалысы туралы» заңындағы соңғы өзгерістерге, сондай-ақ жол қозғалысының жаңа ережелеріне сәйкес, ҚР-да арнайы тұтқыр құрылғының немесе баланы қауіпсіздік белдігінің көмегімен түймелеп қоюға мүмкіндік беретін өзге де бұйымдардың жоқтығы кезінде жүргізушілерге 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдауға тыйым салатын норма күшіне енді. Аталған норманы қабылдау пайдасына негізгі аргумент көлік құрылғыларымен тасымалдау кезінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі болды... Тәжірибе жүзінде бұл норма балалардың автомобиль креслоларын орнату талаптарына алып келді және қоғамдық үлкен резонанс туғызды», - деді М. Қазыбекова ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовке сұрауымен жүгініп.

Бұған дейін Қ.Сәдуақасов хабарлағандай, балалардың қауіпсіздігіне арналған құрылғылар барлық көлікте болу керек, соның ішінде таксиде де. Оның айтуынша, 12 жасқа дейінгі баланы тасымалдау үшін алдыңғы орындықта балалар креслосы, ал артқы орындықтарда арнайы тұтқыр құрылғылар болуы керек. Ол 12 жасқа дейінгі баланы арнайы креслосыз немесе арнайы тұтқыр құрылғысыз тасымалдағаны үшін  5 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын еске салды.

ЖҚЕ жаңа редакциясы 7 қаңтарда күшіне енеді.


Жаңалықтармен бөлісу: