Ballet Globe фестивалінің аясында алматылықтар әлем жұлдыздарының орындауында «Жизель», «Аққулы көл» және «Ромео мен Джульеттаны» көреді

Күні: 18:25, 03-02-2017.

Алматы. 3 ақпан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Халықаралық Ballet Globe балет фестивалінің аясында алматылықтар әлем жұлдыздарының орындауында «Жизель», «Аққулы көл» және «Ромео мен Джульеттаны» тамашалай алады, деп хабарлады ArtClassic компаниясының бас директоры Ерлан Андағұлов.
«Қатарынан үш кеш көрермендер мемлекеттік академиялық опера және балет театрында (МАОБТ) Үлкен театр, Париждегі опера және американдық балет театрының жұлдыздарының орындауында сүйікті спектакльдерді көреді», - деді Е. Андағұлов жұма күнгі баспасөз мәслихатында.  
Мысалы, оның айтуынша, «Жизель» спектаклінде Ресей Үлкен театрдың прима-балеринасы Евгения Образцова мен париждік Гранд Операның этуальі Жозуа Хоффальт, «Аққулы көлде» – Американдық балет театрының солистері  Девон Туше мен Кори Стёрнз,  «Ромео мен Джульеттада» – Ресей Үлкен театрының солистері Нина Капцова, Михаил Лобухин мен Артем Овчаренко өнер көрсетеді.
Алматылық көрермендер американдық жұлдыздардың өнерін тұңғыш рет тамашалайды, бұған дейін американдықтар бізге келмеген болатын», - деді Е. Андағұлов.
Спектакльден басқа, фестиваль күндері МАОБТ қабырғасында немістің балет фотографы Клаус Вэгельдің жұмыстарының көрсемі өтеді.
«Фестиваль аяқталысымен бұл жұмыстар Esentai Mall галереясына қойылады да кейін фотографтың қолы қойылып, Алматы хореграфиялық училищесіне беріледі», - деді ArtClassic компаниясының продюсері Мансұр Смағамбетов.
Ballet Globe фестивалі Универсиада-2017-нің мәдени бағдарламасына кіреді.


Жаңалықтармен бөлісу: