«Баршаның назарына!» дабылы берілген кезде тұрғылықты халықтың іс-әрекеті

Күні: 16:36, 10-05-2017.

Астана. 10 мамыр. ҚазТАГ - «Баршаның назарына!» – бұл дабыл, Астана қаласы ТЖД жедел кезекшісімен, басқа шұғыл хабарландырулардың алдында берілетін, ескерту дабылы, делінген елорда әкімшілігінің ресми сайтындағы хабарда. Хабарда атап көрсетілгендей, дабылды, гудокты және т.б., естігенде тез арада радионы («Астана»; «Шалқар»; «Ретро FM»; «Авторадио»; «Қазақ радиосы») немесе теледидарды («Хабар»; «Қазақстан»; «ОРТ Евразия»; «Астана»; «КТК»; «НТК» арналарын) қосыңыз және болуы мүмкін және болған төтенше жағдайлардың фактісі туралы ТЖД жедел кезекшісінің хабарламасын және іс-әрекет тәртібін тыңдаңыз. Естіген ақпаратыңызды көршіңізге жеткізіңіз, сонан соң тыңдаған тәртіп бойынша іс-әрекет етіңіз. Радиодан және теледидардан мәтін 3-5 рет 5 минутқа дейін қайталанады.
Хабарландырудағы мәтінді мұқият тыңдап, зақымдану аймағынан шығу маршрутын есте сақтап және әбігерге түспей тәртіппен тез әрекет ету керек. Үйден шығарда, құралдарды, жарық және жылу приборларын өшіріп, газды жабу керек. Зақымданған аймақтан желдің бағытына тік (перпендикуляр) шығу (жел бүйіріңізден соғатын болсын, оң құлақ, не сол құлақ жағыңыздан) қажет. Хлор, аммиак иісін сезсеңіз тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды кию немесе суланған мақталы-дәкеден байлам тағу қажет.
Теле-радиодан хабар алуға техникалық мүмкіншілік болмаған жағдайда, өзіңізбен бірге ең қажетті заттарды алыңыз (жеке құжаттарыңыз, дәрі-дәрмек, 3 күнге жетерлік мөлшерде азық-түлік және су, ақша, киім, аяқ киім, жеке тазалық сақтау заттарын) және алдын ала ПИК төрағасынан, немесе аудандық әкімдіктен анықтап біліп алып, эвакуациялық жинақтау пункті ғимаратына келуіңіз керек.
«Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы – төтенше жағдайлар қатері болған немесе болуы мүмкін кезде халықтың назарын аудару үшін дабылдамалар немесе басқа да дабыл беру құралдары арқылы берілетін құлақтандырудың бірыңғай сигналы.


Жаңалықтармен бөлісу: