Бас прокуратура Қаазқстанның бірқатар банктерін халықтың наразылығын тудырған деп айыптады

Астана. 9 қыркүйек. ҚазТАГ – Бас прокуратура Қазақстанның бірқатар банктерін халықтың наразылығын тудырған деп айыптады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қарыз алушылардың ақшасы банктер белгілеген лимиттен жоғары көлемде есептен шығарылып отырылған. Қадағалау органы банктердің азаматтардан олардың несиелері мен қарыздары бойынша артық ақша қаражатын ұстап қалу фактілерін анықтады. (…) Осындай әрекеттердің нәтижесінде қарыз алушылар өздерінің жалғыз табыс көзінен заңсыз айырылған, бұл халықтың наразылығын тудыруда», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, бас прокуратураның ұсынуы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі аталған проблеманы келесі шараларды қабылдау арқылы шешті:
- клиенттің өтініші негізінде банктердің және сот орындаушыларының артық төленген соманы 5 жұмыс күні ішінде қайтару алгоритмі қолданысқа енгізілді;
- Қазақстан банктерінің базасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен интеграцияланды.
Агенттіктің пікірінше, бұл банктерге барлық кредиторлардың еңбекақы немесе зейнетақыдан жалпы ұсталынған сомалардың заңда белгіленген 50%-дан аспауы үшін олардың клиентінен қандай шегерімдер жасалғанын көруге мүмкіндік береді.
Заңсыз өндіріп алу фактілері орын алған жағдайда азаматтар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, оның аумақтық бөлімшелеріне немесе прокуратураға шағыммен жүгінуге құқылы.

adimage