Батыс Қазақстанда бұршақ жаууы және күшті жел тұру мүмкіндігінен дауылдық ескерту жарияланды

Күні: 12:17, 06-06-2018.

Астана. 6 маусым. ҚазТАГ - Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы және күшті жел тұруы мүмкіндігінен 6 маусымда сағат 12.00-ден 7 маусымдағы 20.00-ге дейін дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Қазақстанның жақын күндеріндегі ауа-райын Поволжье мен Оңтүстік Орал аудандарынан жылжып келе жатқан  атмосфералық фронттар қалыптастырады. Олардың ықпалынан республиканың солтүстік жартысында кей жерлерге өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күн күркіреу кезінде дауылды жел күшейіп, ауа температурасының төмендеуі күтіледі.    
Қазақстанның оңтүстік жартысының кейбір аудандарына сондай-ақ  өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Ыстық босаңсып, күндізгі температура +30+39-дан +25+30 дейін төмендейді.  
2018 жылғы 6 маусым сағат 12.00 - 7 маусым сағат 20.00 дейінгі аралықта күтілетін желдің күшейуіне байланысты Батыс Қазақстан облысында дауылдық ескерту жарияланған. 6 маусым күндіз Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді.
Орал қ.: 6 маусым күндіз найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді.  
7 маусым  Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді.
Орал қ.: 7 маусым  батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді.          
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %


Жаңалықтармен бөлісу: