Байқоңыр. 15 ақпан. ҚазТАГ –Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.45.07-де №31 алаңнан «Прогресс МС-16» көліктік басқарылатын жүк кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран тасығышы ұшырылды, деп хабарлады ҚазТАГ.
Бұл 2021 жылғы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған алғашқы зымыран тасығыш.
«Прогресс МС-16» зымыран тасығышының ХҒС-да түйісуі 17 ақпан күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12.19 (+-3 мин.) жоспарланған.
«Прогресс МС-16» ұшыру КБЖК Халықаралық ғарыш стансасының бағдарламасын қамтамасыз ету аясында жүзеге асырылды. Ресейлік көліктік басқарылатын жүк кемесі халықаралық стансаға 2,5 тонна жүк жеткізеді, соның ішінде ХҒС қажет 600 кг отын, ғарышкерлер үшін азық-түлік, ауа және сәлемдемелерді жеткізеді, сонымен қатар 420 литр ауыз су, құрал-жабдықтар, тәжірибе жасауға арналған құралдар да бар.
Еске салсақ, қазіргі таңда ХҒС-да құрамында ХҒС командирі Сергей Рыжиков (Россия), бортинженерлер Сергей Кудь-Сверчков (Ресей), Кэтлин Рубинс, Майкл Хопкинс, Виктор Гловер, Шеннон Уокер (барлығы – АҚШ), Соичи Ногучи (Жапония) бар 64-экспедицияның халықаралық экипажы жұмыс жасап жатыр.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46