Байқоңыр. 24 қараша. ҚазТАГ – Байқоңырдағы қазақ тілінде оқытатын мектептер қазақстандық бағдарламаға өтеді, деп мәлім етті ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.
«Біз Байқоңырдағы қазақ тіліндегі мектептер қазақстандық бағдарламаға өтетіні туралы уағдаластыққа қол жеткіздік», - деді дүйсенбі күні Б. Сағынтаев брифингте.
Одан басқа, Б. Сағытаев Төретам мен Ақай ауыл округының тұрғындарына медициналық көмек көрсету Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі стандарттары бойынша жүргізу мәселесінің шешілгенін айтты.
Бұрын хабарланғандай, Байқоңырда РФ вице-премьері Дмитрий Рогозиннің қатысуымен «Байқоңыр» кешені жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысы өтуде.
Комиссия аясында тараптар өкілдері қала мен ғарыш кешенінің нысандарын аралап, ғарыш кешенінің инфрақұрылымымен танысты. Қазанның 23-нен 24-не қараған түні үкіметаралық комиссияға қатысушылар «Союз-ТМА-15М» басқарылатын кемесімен «Союз – ФГ» зымыранының ұшырылуын тамашалады.
Еске салсақ, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев РФ жалға алып отырған Байқоңыр мектептерінде қазақстандық балаларды біздің президентіміз РФ президенті - Владимир Путин деп оқыту жалғасуда деп налынған. Оның айтуынша, осындай мектептерді бітірген соң қазақстандық балалар Қазақстан ЖОО-ларына оқуға түсе алмайды.
Қатысты сілтемелер
-
Сейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашынсыз ауа райы күтіледі
10 Қыркүйек 2024, 08:53 -
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45