Астана. 3 қыркүйек. ҚазТАГ – Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевпен және Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбекпен байланысты «Болашақ» консалтингтік тобы» ЖШС бас директоры Сағидолла Баймұрат тергеуге алынды, деп хабарлады Nege.Aqsha жобасы.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Болашақ» консалтингтік тобы» ЖШС бас директоры Сағидолла Баймұратқа қатысты тергеу жүргізуде», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Басылым қолындағы 2024 жылғы 26 тамыздағы сот құжатына сілтеме жасаған.
«Жоғары аудиторлық палата әділет министрлігінде және компанияда қарама-қарсы тексерістер жүргізген. Қорытынды әзірге құпия болып отыр, ал материалдар қылмыстық іс аясында тәркіленді. Бұған дейін «Болашақ» консалтингтік тобы молдовалық бизнесмендер Габриэль және Анатол Статиге қарсы істі қоса алғанда Қазақстанның сырттағы мүддесін білдіретін еді. «Акжол» партиясының басшысы Азат Перуашев бірде компанияның жылына $60 млн алатынын айтып қалған еді. Қазақстандық БАҚ бұл фирманы бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевпен және Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбекпен байланыстырады», - делінген хабарда.
Еске салсақ, Бекетаев 21 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы кампания аясында сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ұсталған еді. Бекетаев қазір қаңтар оқиғалары ісі бойынша жазасын өтеп жатқан ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке жақын болған. Атап өтелік, қаңтар оқиғасына дейін Бекетаевтың кеңесшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының экс басшысы Талғат Татубаев болған еді. Ол бұрынғы сенатор Қайрат Қожамаровпен бірге бірқатар атышулы қылмыстық істерге қатысы бар деген ақпарат тараған еді. Кейін белгілі болғаны оны да елден қашуға оқталған сәтте ұстаған.
23 қазанда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Бекетаевтың ұсталғанын ресми түрде растады. Сол күні экс-министрдің екі айға қамауға алынғаны белгілі болды. 2024 жылдың 12 шілдесінде «антикор» Бекетаевқа қатысты тергеу амалдарының аяқталғанын, оған Т1 млрд астам көлемде шығын келтіру айыбы тағылғанын хабарлады.
Ұлттық қордың $22 млрд қатыру, ішімдік ішу, Тоқаевтың беделін түсіру – Бекетаев несімен танымал, ол туралы ҚазТАГ материалдарынан оқи аласыздар.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістан облысында бір елді мекеннің ауыз су жүйелеріне Т972 млн жұмсамақ
2 Қазан 2024, 16:28 -
«ҚазҰҚызПУ» моноблоктарды Т800 млн сатып алмақшы
2 Қазан 2024, 15:19