Белгілі журналист Юлдаш Азаматов өмірден озды

Алматы. 5 тамыз. ҚазТАГ – Белгілі журналист Юлдаш Азаматов өмірден озды, деп хабарлады Қазақстан журналистер академиясынан.
«Ол 74 жаста болатын, соңғы кездері жиі ауырып жүрді, бірақ күн сайын маған жақын досымдай қоңырау шалып тұрды. Туған басылымы «Уйгур Авазиді» жиі есіне алатын, оны 25 жылдан астам уақыт басқарды. ҚазМУ журналистка факультетін сағынышпен есіне алатын, оны жақсы бітіріп, КПСС ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясында білімін жалғастырды. Ол Қазақстанды шын сүйетін, туған жерінің адал патриоты еді. Көп ұлтты елдің гүлденуі жолында зор еңбегі сіңген осындай жандардың арамыздан кетіп жатқаны өкінішті», - деді Қазақстан Журналистер академиясының президенті Сагымбай Козыбаев.
Қазақстан Журналистер одағы мен ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігі марқұмның отбасына, достары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

adimage