Бейсенбіге дейін Қазақстанның басым облыстарында жаңбыр, жылымық қар жауады, көктайғақ болады

Астана. 9 сәуір. ҚазТАГ – Бейсенбіге дейін Қазақстанның басым облыстарында жаңбыр, жылымық қар жауады, көктайғақ болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның солтүстігінде орналасқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар көптеген облыстардың кей жерлеріне жаңбыр және ылғалды қар түрінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ алып келеді. 10 сәуірде батыс аймақтарға жауын-шашынсыз ауа-райы тұрақталатын антициклон жылжиды», - делінген дүйсенбі күні таратылған 10-12 сәуірге арналған ауа райы болжамында.
Оңтүстік облыстарда, синоптиктердің ақпарынша, дауылды ескерту жарияланды.
«10 сәуірде Қызылорда, 9-11 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік сақталады, 11-12 сәуірде түнде Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде 5 градусқа дейін үсік күтіледі. Алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық болады», - делінген хабарда.

adimage