Астана. 26 ақпан. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин журналистердің бейбіт жиындардан хабар тарату ережесін олардың өздерімен талқылауға уәде берді.
«Журналистерге қатысты, онда («Бейбіт жиындар туралы» заң жобасында – ҚазТАГ) журналистердің құқығы ешқандай шектелмеген. Керісінше, біз бейбіт жиындарға журналистердің қатысу мүмкіндігін қарастырдық. (Бейбіт жиындардағы журналистер қызметінің – ҚазТАГ) ережесін анықтайтын уәкілетті орган ретінде, сол үшін, журналистерді ерекшелейтін белгі болу үшін. Біз білеміз, рұқсат етілмеген митингтерде білместіктен журналистерді алып кетудің де (полиция қызметкерлерінің – ҚазТАГ) бірқатар жағдайы болған. Бұл сол үшін (қарастырылған – ҚазТАГ). Десек те бұл мәселе де журналистер қауымымен талқыланатын болады. Біз бұл мәселені журналистермен талқылауды қарастырып жатырмыз, ережелері қандай (бейбіт жиындардағы журналистердің әрекеті – ҚазТАГ)», - деді Есин сәрсенбіде «Бейбіт жиындар бостандығы – демократия негізі» тақырыбындағы қоғамдық тыңдалым кулуарында.
Вице-министр сары күртешелер кию туралы мысалын келтірді.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46