Бірқатар қазақстандық қайраткерлерге әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтар тапсырылды

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
Ақорданың ресми сайтында сейсенбі күні жарияланған хабарда айтылғандай, әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы Қажығали Мұханбетқалиұлына, жазушы - «Тар кезең» тарихи романы үшін; Гүлнар Сейітжанқызы Салықбаеваға, ақын - «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы үшін;  Пантелей Константинович Кесоглуге, әнші - «Песня - душа моя» жеке концерті үшін; Балнұр Балғабекқызы Қыдырбекке, композитор - «Реквием» вокалды-симфониялық шығармасы үшін;  авторлар ұжымына: Асқар Исабекұлы Мырзахметовке, Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаевқа, Насир Ачилович Рустамовқа, Әмірхан Бекжанұлы Шүменовке, Нұрлыжан Маратбекұлы Бөкебаевқа - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені үшін.
Осы Жарлыққа Н. Назарбаев 9 желтоқсанда қол қойды және ол ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

adimage