Біріккен Араб Әмірлігі Марста шағын қала салмақшы

Алматы. 15 ақпан. ҚазТАГ  БАӘ билігі Қызыл планетада алғашқы шағын қала құрылысын қарастырған «Марс-2017» жобасының іске қосылғандығы туралы жариялады, деп хабарлады БАҚ.  
Жоба туралы БАӘ премьер-министрі мен Дубай эмиратының билеушісі  Мухаммед бен Рашид Аль Мактум, сондай-ақ, Абу-Даби мұрагер ханзадасы, БАӘ қарулы күштерінің жоғары бас қолбасшысының орынбасары Мухаммед бен Заид Аль Нахайян Дүниежүзілік үкіметтік саммитте мәлімдеді.  
Жоба жетекші халықаралық ұйымдар және ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастықта жүзеге асырылады.  
БАӘ-ің  жүз жылға есептелген ұлттық бағдарламасы Марсқа азық-түлік өнімдері мен адамдарды жеткізуді қамтамасыз ететін эмираттық ғылыми кадрларды дайындау жоспарынан тұрады. Жоба Марстағы азық-түлік өнімдері мен энергетиканы, транспорт құралдарын зерттеуді  қарастырады. Сонымен қатар салынбақшы қаланың макетінің танысытырылымы да көрсетілді.  
«Адамдарды басқа планеталарға көшіру адамзаттың бұрыннан келе жатқан арманы. Біздің мақсатымыз - осы арманды іске асырудағы халықаралық күш-жігердің тізгінін БАӘ-не ұстату», - деп келтірген  БАҚ Мухаммед бен Рашид Аль Мактуманың сөзін.

adimage