Бірыңғай «Оңай» көлік картасы «жүйе мүлтіксіз жұмыс істемейінше», метрода қолданылмайды

Күні: 18:07, 18-11-2015.

Алматы. 18 қараша. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Бірыңғай «Оңай» көлік картасын Алматы метросында пайдалану келешекте болар, деді «Метрополитен» РМК директоры Айдын Оразханов.
«Біз «Оңай» жүйесі мүлтіксіз жұмыс істеп кетпейінше метрода екеуін де қатар пайдаланатын (жетондар мен метрода жүру карталарын да және бірыңғай көлік картасын да) боламыз», - деді А. Оразханов, сәрсенбі күні агенттік тілшісінің сауалына берген жауабында.
«Оңай» жүйесі енгізілуімен барлық жеңілдіктер кетеді. Онда жеке жеңілдіктегі жол жүру картасы, ал метрода екі түрлі – ересектерге 80 теңге, балаларға 40 теңге. Бізде «оқушы». «студент» деп бөлу жоқ», - деп ол туындауы мүмкін қиындықтарды түсіндірді.
Сонымен қатар ол метрода жол жүру ақысының көтерілмейтіндігін, оны қала мәслихаты шешетінін айтты.
Күн сайын Алматы метросы 40 мыңдай жолаушы тасымалдайды.


Жаңалықтармен бөлісу: