Астана. 29 маусым. ҚазТАГ - Биыл Астанада 200-ден астам қатты тұрмыстық қалдық (ҚТҚ) жинауға арналған контейнерлік алаң жасалады, деп хабарлады елорда әкімінің баспасөз қызметінен.
«Елордада қаланы тазартуға баса назар аударылады. Астанада қалдықтарды басқарудың қазіргі жүйесіне қалдықтарды жинау, шығару, сұрыптау және қайта өңдеу кіреді.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхметовтың хабарлауынша, қала аумағында 1842 контейнерлік алаңда 9891 қоқыс жинау контейнері орнатылған. Биыл пайдаланылып жүрген 150 контейнерлік алаңда жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қосымша 200 алаң орнату көзделген. Бұдан бөлек, Астанада «жасыл» экономикаға көшу бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізіледі», - делінген дүйсенбі күні қала әкімінің сайтында жарияланған хабарда.
«2015 жылғы 1 наурыздан бері тұрғын үй қорында ҚТҚ бөліп жинау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Тиісті инфрақұрылымды жасау үшін 54 контейнерлік алаңда түрлі түсті 108 контейнер орнатылды. Пилоттық жоба 36 тұрғын үй кешенінде, «Астана Тазарту» ЖШС қатысуымен 17 ПИК учаскесінде қолға алынды», - деді Қ. Айтмұхаметов.
2014 жылдың желтоқсан айынан бастап жылыту маусымында елорданың жеке секторында күл жинау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылды. 75 арнайы контейнер орнатылып, 600 тоннадан астам күл жиналып, шығарылды.
2014 жылы құрамында сынап бар энергия сақтаушы шамдарды қайта өңдеу жобасы аясында полигонға 570 мың тонна түрлі қалдықтар жіберілді. Жыл басынан бері 230 мың тонна қалдық қабылданды.
Қалдықтарды басқару жүйесін жақсарту үшін қалдықтарды көму полигондарын кеңейту шаралары жүргізілуде. Бүгінгі күні қалдықтарды көму полигонының екінші ұяшығын салу жұмыстары аяқталуға жақын. 2015 жылдың қарашасына дейін ескі полигонды қайта құнарландыру жұмыстары бітеді.
Қатысты сілтемелер
-
Жұма күні Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды
20 Қыркүйек 2024, 08:54 -
Жалпы сомасы 450 миллиард теңгеге тең активтерді қайтару туралы келісім мақұлданды
20 Қыркүйек 2024, 08:52 -
Тоқаев бірқатар тағайындаулардан кейін күштік құрылым басшыларының жаңа орынбасарларын қабылдады
20 Қыркүйек 2024, 08:50 -
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашын күтіледі
20 Қыркүйек 2024, 08:45