Біз соңына дейін күресеміз деп мәлім етті, Сейтқазы Матаевтың әйелі

Күні: 14:05, 09-12-2016.

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан Журналистер одағының басшысы Сейтқазы Матаевтың әйелі және қоғамдық қорғаушысы Баян Рамазанова Астана сотының апелляциялық коллегиясының қаулысына түсініктеме берді.
«Мен әлі де болса (...) Жоғарғы соттан үміт етемін. Жоғарғы сот бар ғой, егер ол да осындай шешім шығарса, Еуропалық парламент бар, Гаагадағы халықаралық сот бар, және біз ақырына дейін күресеміз. Себебі ол біздің ғана отбасымыздың шаруасы емес, ол жалпы журналистиканың мәселесі», - деді Баян Рамазанова жұма күні апелляциялық коллегия отырысынан кейін.
Оның айтуынша, «Қазақстандағы заң тек журналистерге, қатардағы азаматтар үшін ғана бар, ал судьяларға, прокурорларға, тергеушілерге заң жоқ».
«Адам сотқа келгенде біздерді, қатардағы азаматтарды жалған көрсетулер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығымыз туралы ескертеді. Ал судьялар, прокурорлар мен тергеушілер жалған қорытынды шығаратын болса, ол үшін оларға түк те болмайды. Ол аз десеңіз, оларды марапаттап, қызметін көтереді», - деді ол.
«Олар түрмеге отырғызуды шешті, олар Матаевтардың барлық мүлкін алып қоюды шешті, олар оны Журналистер одағының төрағасы лауазымынан алып тастау керек деп шешті, оларға ақпараттық агенттіктер керек болды, олар оның барлығын алады, бәрібір алады. Біздің адвокаттар мен қорғаушыларымыз 60 апелляциялық шағым берді. Сіз қалай ойлайсыз? Бір де уәждеріміз қабылданбады», - деп налынды Б. Рамазанова.  
Еске салсақ, 9 желтоқсанда Астана сотының апелляциялық коллегиясы Матаевтардың басшылық қызметте болу құқығына өмір бойына тыйым салу қосымша жазасын 10 жылға тыйым салу жазасына өзгертіп, негізгі жазасын өзгеріссіз қалдырды.


Жаңалықтармен бөлісу: