Астана. 7 наурыз. ҚазТАГ – «БТА банк» АҚ экс-басшысы Мұхтар Әблязов пен оның жақтастарына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлады Алматы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
«3 наурызда Алматы қаласының прокуратурасы БТА банкінің бұрынғы топ-менеджменті М.Әблязовке, Ж.Жарымбетовке (басқарма төрағасының бірінші орынбасары-кредит комитетінің төрағасы), К.Садықовға (кредитттеу жөніндегі директор) және С.Мамешке (басқарма төрағасы) қатысты сотқа жолдау үшін айыптау актісін бекіту туралы шешім қабылдаған», - делінген прокуратура хабарында.
ҚПК 304 б. талаптарына сәйкес айыптау актісі қылмыстық процестің барлық қатысушысына, соның ішінде М.Әблязовтың қорғаушысына қолхат ала отырып, тапсырылды.
Бұған дейін 2 және 14 ақпанда Ұлттық бюро қазақстандық және шетелдік БАҚ-қа ақпарат орналастыру арқылы М.Әблязовты оның әрекетін анықтау туралы қаулыны жариялау үшін тергеуге келу керектігін хабарлады. Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ведомствосының ақпарынша, белгілеген уақытта ол келмеген және келмеу себептерінен де хабардар етпеген.
«Қолданыстағы заңнама егер сотталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүрсе және сотқа келуден бас тартса онда сотталушының қатысуынсыз сотта істі қарау мүмкіндігін қарастырады (ҚПК 335 бабы)», - делінген хабарда.
Атап айтқанда, Әблязовке қылмыстық топ құрды және жетекшілік етті, БТА Банкінің ақшалай қаражатын жымқырды және өз лауазымын асыра пайдаланып, банк қаражатын заңсыз жаратты деген айып тағылды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 7,5 млрд. АҚШ долларын құрады.
Қылмыстық іс материалы 2224 томнан тұрады.
Қатысты сілтемелер
-
Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері Қазақстанға келе бастайды
18 Қыркүйек 2024, 17:11 -
"Майкаинзолото" кенішіндегі автобус апатынан кейін шахтаның алты қызметкері қамауға алынды
18 Қыркүйек 2024, 16:47 -
Атырау облысында республикалық автожолдың 11 шақырымын орташа жөндеуге Т1,8 млрд жуық жұмсамақ
18 Қыркүйек 2024, 16:29