Болгарияның София университетінде қазақ тілін үйрену мүмкіндігі пайда болды

Күні: 16:41, 20-03-2015.

Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ – Болгарияның София университетінде қазақ тілі және Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерделеу орталығы ашылды, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметі.
«София университетінің Шығыс тілдері мен мәдениеті орталығында қазақ тілі және Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерделеу орталығының салтанатты ашылуы өтті», - делінген жұмадағы СІМ хабарында.
Қазақстанның Болгариядағы дипломатиялық миссиясы мен құрметті консулдігінің күш-жігерлерінің арқасында, София университетінің қолдауымен, Қазақ тілі орталығы жөнделіп, қазақ тілін үйренетін студенттер үшін заманауи жабдықпен және оқұ құралдарымен қамсыздандырылды.
Сондай-ақ с-шара шеңберінде, Қазақстанның Болгариядағы дипломатиялық миссиясының басшысы Теміртай Ізбастин және София университетінің ректоры Иван Илчев Қазақстанның Болгариядағы дипломатиялық миссиясы және София университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандум қазақ және болгар тараптарына мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
СІМ баспасөз қызметі нақтылағандай, «Қазақ тілі» пәнін оқу Еуропада алғаш рет болгар түркітанушысы Емил Боев София университетінің академиялық бағдарламасына енгізген.


Жаңалықтармен бөлісу: