Алматы. 17 қыркүйек. ҚазТАГ – Каспийдегі Құрық портына жүк тасымалдайтын Боржақты – Ерсай темір жолы уақытша пайдалануға берілді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«Каспидегі Құрық портына жүк тасымалдайтын Боржақты – Ерсай темір жолы уақытша пайдалануға берілді.», - делінген компания хабарында.
Хабарда айтылғандай, «Нұрлы жол» бағдарламасы негізінде тұрғызылып жатқан Боржақты – Ерсай желісінде екі станция, өткізу жолдары мен жасанды құрылыс бой көтереді.
«Бүгінгі күнге дейін топырақ төсемдері салынып, су құбырларын құрастыру жұмыстары толық аяқталды. 22 шақырым рельс-шпалдық торлама төселді, оның ішінде 16.6 шақырым негізгі жол шағылтаспен балласталды»,- дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Темір жол желілері құрылысы жөніндегі дирекция» филиалы бас менеджері Ашубай Барбосынов.
Электрмен жабдықтау ВЛ-10 кВ желісі құрылысы барысында 800-ден астам таған орнатылып, 22 шақырым аспа сымдары мен ВЛ-110 кВ желілерінде қайта құрылғылау, электр орталықтарының модульдік посты жөнделді. Белгі беру және байланыс қондырғылары іске қосылып, станцияларда жол жәшігі, электр жетегі, байланыс кабельдері орнатылды.
Өндірістік нысандар салынып бітті. Алдағы уақытта теміржолшыларға арналған тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Қатысты сілтемелер
-
Әли Алтынбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2024, 16:45 -
Жанат Элиманов қайтадан Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2024, 16:29 -
МАЭК турбоагрегатты күрделі жөндеуге Т1,1 млрд астам мемлекеттік қаражатты жұмсамақ
16 Қыркүйек 2024, 16:11 -
Тоқаев пен Олаф Шольц келіссөз залына барды
16 Қыркүйек 2024, 16:03