Бозымбаев ҚР энергетика министрі болып тағайындалды

Күні: 18:24, 25-03-2016.

Астана. 25 наурыз. ҚазТАГ – Қанат Бозымбаев Қазақстанның энергетика министрі болып тағайындалды. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тиісті жарлығы жұма күні Ақорданың ресми сайтында жарияланды.  
«Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылсын», - делінген жарлық мәтінінде.
Бұрын бұл қызметті Владимир Школьник атқарған еді.  
Қ.Бозымбаев 2013 жылдың желтоқсанынан бастап облыс әкімінің қызметін атқарған еді.


Жаңалықтармен бөлісу: