Бурабай ұлттық бағында беловеждік зубрларды көбейтеді

Алматы. 27 ақпан. ҚазТАГ – «Беловежская пуща» («Беловеж қорықтар тоғайы») Ұлттық бағы Қазақстанға 10 зубр жеткізді, деп хабарлады БЕЛТА тілшісіне бақтың ғылым жөніндегі директор орынбасары Василий Арнольбик. Зубрлардың басы көбейген соң осы микропопуляция Қазақстанның «Бурабай» табиғи қорығында еркін мекен ететін зубрлардың негізін қалайды.
Зубарлар қазақстандық тарап арнайы жалдаған автомобиль көлдіктерімен жеткізілді. Зубрларға жол бойына ұлттық бақтың қорықшысы үнемі шөп, су беріп отырды. Малдар орнықты орындарына жеткізілген соң аумағы 1 га болатын кең вольерге жіберілді.
«Зубрлар жолды жақсы көтерді. Бұған дейін малдарды автокөліктермен осыншама алыс жолға тасымалдаған емеспіз, сондықтан алғашқыда алаңдаушылық болды.
Бастапқыда Қазақстандық серіктестер  чартерлік авиарейсті пайдаланбақшы болды. Бірақ қаржылық себептермен одан бас тартты. Осы себептен темір жолмен тасымалдау да қарастырылмаса керек. Мысалы, Кеңестер одағы кезінде біз Кавказға зубрларды темір жолмен жібергенбіз», - деді В.Арнольбик.  
Оның айтуынша, зубрларды тасымалдаудың алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Ең алдымен табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің рұқсаты керек  болды. Ұсталған зубарлар бір ай бойына карантинде ұсталып, мамандар оларда аурулардың бар-жоқтығын тексерді. Малдың әрқайсына Кедендік одақ талаптарына сай ветеринарлық куәлік дайындалды.
Ұлттық бақ басшылығының мәліметтерінше, беловеждік зубрларды басқа жерлерге қоныстандырудың негізі бар. Қазір тоғайда 462 бас зубр бар, ол осы бақ аумағына сиятын ғылыми негізделген мал басынан артық.
«Зубрлардың осындай микропопуляциясын құру ХХ ғасыр басында жоғалып кету алдында болған осы түрдің әлемдік геноқорын сақтап қалуға мүмкіндік береді», - деді директор орынбасары.
Одақтық мемлекетте 2014-2018 жылдарға есептелген «Еуропалық зубрлардың ұзақ мерзімдік сақталуына кепіл ретінде тиімді ареалын қалыптастыру» бағдарламасы (зубрлар үшін жол карта) дайындалған. Бағдарлама жануарлардың осы түрінің Беларусия мен Ресей аумағындағы бұрынғы ареалын қалпына келтіруге бағытталған.  

adimage