Алматы. 6 желтоқсан. ҚазТАГ - Бурабайда алғаш рет «Кансонар» ителгі, сұңқар аңшылығынан халықаралық турнир өтеді, деп Ақмола облысының ішкі саясат басқармасынан хабарлады.
Туризм басқармасының бастығы Шынарбек Батырханов баспасөз мәслихатында 9 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне және атақты бүркітші Мәсіп Батырхановты еске алуға арналған «Қансонар» турнирін өткізетіндігін атап өтті.
Турнирдің басты төрешісі Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры Марат Қойшин болады.
«Айта кету керек, құс салу аңшылығына арналған турнир алғаш рет аймақта өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 5 елден 50-ден астам үміткер күтілуде, ал қатысушылардың жалпы саны 500-ден 1000 адамға дейін болады», - делінген хабарда.
Ш.Батырханов өз сөзінде турнирдің басты жүлдесі автокөлік болатынын айтып, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалинге алғысын білдірді.
Сондай-ақ, турнирді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық спорттық қауымдастығы Т2 млн. бөліпті.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46