Былтыр 3,3 мыңнан астам этникалық қазақ отбасы тарихи отанына оралды

Астана. 6 қаңтар. ҚазТАГ – 2014 жылғы 9 айда Қазақстанға оралмандардың 3347 (6761 адам) отбасы келді, деп мәлім етті ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2014 жылғы 9 айда Қазақстанға оралмандардың 3347 (6761 адам) отбасы келді. Гендерлік құрамы бойынша: ер адамдар – 3438, әйелдер – 3323 адам, балалар – 1598 адам. Еңбекке жарамды жастағы тұлғалар – 4768, зейнеткерлік жастағы тұлғалар – 395 адам болып бөлінеді.
Келген оралмандардың арасында 368 адам жоғары білімді, орта мамандандырылған білімі бар - 869 адам, жалпы орта білімді – 2592 адам, білім алмағандар – 938 адам», - делінген хабарда.

adimage