«БЖК-2020» туралы жазған журналистер арасындағы конкурс жеңімпазы Т350 мың алады

Күні: 13:13, 22-10-2015.

Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан журналистер одағы мен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» журналистер арасында «Бизнестің жол картасы – 2020» тақырыбына немесе жалпы кәсіпкерлік тақырыбына байқау жариялайды.  
Хабарда айтылғандай, байқау кәсіпкерлік идеясын насихаттауда елеулі үлес қосқан, сондай-ақ Қазақстандағы кәсіпкерлікке көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау шаралары туралы халықты хабардар етіп отырған ең маңызды және дарынды жұмыс авторларын ынталандыру мақсатында өткізіліп отыр.
Конкурс жеңімпаздары 8 атау бойынша анықталады: орыс тіліндегі ең үздік бейнесюжет (телебағдарлама); қазақ тіліндегі ең үздік бейнесюжет (телебағдарлама); орыс тіліндегі ең үздік радиосюжет (репортаж); қазақ тіліндегі ең үздік радиосюжет (репортаж); орыс тіліндегі баспа БАҚ-тарында ең үздік жарияланым; қазақ тіліндегі БАҚ-тардағы ең үздік жарияланым; интернетте орыс тіліндегі ең үздік жарияланым/жоба; интернетте қазақ тіліндегі ең үздік жарияланым/жоба бойынша.  
Одан басқа, арнайы номинация «Кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін білікті және белсенді түрде жазу» қарастырылған.
Барлық атау бойынша бір сыйлықтың мөлшері Т350 мың.
Байқау ережелері мен басқа да құжаттар «Даму» КДҚ сайтында «Журналистік байқау» бөлімінде жарияланған.
Конкурстық жұмыстар биылғы 31 қазанға дейін қабылданады.


Жаңалықтармен бөлісу: