Демалыс күндері Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні жағдайы күшеюі мүмкін

Күні: 14:56, 02-02-2018.

Астана. 2 ақпан. ҚазТАГ - Демалыс күндері Алматы облысының таулы аудандарында қар көшкін жағдайының нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Алдағы күндері (2-3 ақпан) Қазақстанның таулы аймақтарында өздігінен жүретін қар көшкіні болмайды деп күтілуде. 3-4 ақпан күндері күтілетін жауын-шашынмен байланысты Алматы облысының таулы аудандарында қар көшкіні жағдайының нашарлауы мүмкін.
Қар  көшкінін тудыру ықтималдығына байланысты тік шатқалдарға бару ұсынылмайды. Тауларда сақ болыңыз», - делінген жұмадағы хбарда.
Синоптиктердің айтуынша, қазіргі уақытта қар көшкін жағдайы тыныш қалып отыр.


Жаңалықтармен бөлісу: