Демалыс күндері Қазақстанға 30 градустық аяз келеді

Күні: 12:20, 15-01-2016.

Астана. 15 қаңтар. ҚазТАГ – 16-18 қаңтарда Қазақстанның басым аумағында аязды ауа райы қалыптасады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Мысалы, республиканың солтүстігінде алдағы үш күнде қар жауып, бұрқасындатып, 15-20 м/с жел соғады.
Бұл ретте түнде ауа температурасы батыста -2-7, кей жерлерінде 12-17 аяз, солтүстігінде, шығысы мен орталығында 5-15 градус, кей жерлерінде 25-30 градус аяз, оңтүстігінде 5 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады.


Жаңалықтармен бөлісу: