Демалыс күндері Қазақстанда қар аралас жауын жауады

Астана. 20 қазан. Қазанның 21-і мен 23-і аралығында Қазақстанда қар аралас жауын жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Қазақстанның солтүстік жартысы арқылы үлкен жылдамдықпен ығыс келе жатқан атмосфералық ағымдар демалыс күндері қар аралас жауын әкеліп, кей жерлерінде батыстан күшті жел тудырады», - делінген таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аудандарында жаңа циклон пайда болды, ол жексенбіде Қазақстанның батыс аймақтарына көшеді, ал дүйсенбіде орталық және солтүстік облыстарға жетеді. Циклонмен бірге температура одан ары төмендеп, жауын-шашындатып, солтүстік өңірлерде жауынның арты қарға айналады.
Алдағы демалыста жоғары атмосфералық қысымның ықпалымен оңтүстiк және оңтүстік-шығыс өңiрлерде жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады.

adimage