Демалыс күндері Қазақстанда қар жауады, бұрқасын және қатты жел тұрады деп күтілуде

Күні: 16:19, 08-12-2017.

Астана. 8 желтоқсан. ҚазТАГ – Демалыс күндері Қазақстанда қар жауады, бұрқасын және қатты жел тұрады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Оңтүстік циклон Қазақстанның оңтүстігіне қарай жылжып, солтүстік-шығыс бағытына ауысуы мүмкін. Демалыс күндері қар жауып, бұрқасын болып, кей жерлерде 18-25м/с  екпінді жел және көктайғақ тудырады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Синоптиктердің ақпарынша, сенбіде циклонның шығуымен республиканың көптеген облысында температурының жоғарылауы күтілуде, ол дүйсенбі күні суық ауа температурасына ауысады.
Қардың жаууы, бұрқасын және көктайғақ, әсіресе таулы жерлер мен автожолдарда қауіпті болмақ.


Жаңалықтармен бөлісу: