Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз аязды болады

Күні: 14:58, 16-02-2018.

Астана. 16 ақпан. Ақпанның17-19-ы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға ауысқан антициклон демалыс күндері еліміздің көптеген аудандарында аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа-райын ұстап тұрады. Бірақ оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктері аудандарында суық атмосфералық фронттың әсері сақталып, қар жауу әлі де болады», - делінген жұма күнгі таратылған хабарда.
     Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 ° C-тан төмен болады деп күтілуде.


Жаңалықтармен бөлісу: