Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде бірқалыпты аяз бен тұман түседі деп күтілуде

Күні: 17:35, 09-02-2018.

Астана. 9 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстанның барлық өңірлерінде 10-12 ақпан аралығында қалыпты аяз және тұман күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» ТМК баспасөз қызметі.
«Қазақстанның ауа-райын әдеттегідей жоғары атмосфералық қысым өрісі анықтайтын болады. Сондықтан демалыс күндері бірқалыпты аяз, түнде және таңертең тұман күтілуде, күндіз көптеген аймақтарда шамалы бұлтты, күн шуақты болады», - делінген жұма күні таратылған хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: