Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауып, күн суытады деп күтілуде

Астана. 22 маусым. ҚазТАГ - 23-25 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауып, ауа салқындайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Қазақстанға қысқа мерзімді үзілістен кейін Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан салқын және дымқыл ауа массалары қайта келе бастады. Бірақ алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік және орталық облыстарына Ираннан өте жылы ауаның шығуы жалғасуда, бұл Қазақстан арқылы жылжыйтын атмосфералық фронттардың шиеленісуіне алып келеді. Сондықтан демалыс күндері республиканың басым облыстарында найзағайлы жаңбыр, күшті екпінді жел, кей жерлерде бұршақ жауады және ауа температурасының төмендеуі болжанады. Тек батыс аумақтарда өзгеше болады. Мұнда антициклонның әсерінен аз бұлтты және жауын-шашынсыз ыстық ауа-райы күтіледі. Максималды температура плюс 32-37°С, кей жерлерде 40…43°С жоғарылайды.

adimage