Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде жиі жаңбыр жауып, дауылды жел тұрады

Күні: 12:52, 01-06-2018.

Астана. 1 маусым. ҚазТАГ - Қазақстанда маусымның 2-нен 4-не дейін жиі жаңбыр жауып, дауыл соғып, тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«2018 жылғы 2-4 маусым аралығы демалыс күндеріне арналған ауа-райы болжамы
Қазақстанның басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде қатқақ күтіледі
Қазақстанның басым бөлігінде демалыс күндері жиі жаңбыр, найзағай, қатты желмен тұрақсыз ауа-райы күтіледі. Ауа температурасы климаттық нормадан 3...5 градусқа төмен түседі, елдің солтүстігінде және орталығында кей жерлерде қатқақ күтіледі», - делінген жұмадағы хабарда.
Барлығына Ресейдің еуропалық бөлігінен түсіп жатқан салқын және дымқыл ауа массалары себепкер болады.
Оңтүстік облыс тұрғындарын көптеген аймақтарға қарағанда жазғы ауа-райы күтеді. Иран аймағынан жылы ауа массалары ықпалынан мұнда ауа +27+35 дейін, кей жерлерде +38 дейін жылыйды.


Жаңалықтармен бөлісу: