Астана. 14 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанның бірқатар облыстарында 15-17 сәуірде жаңбыр, қатты жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Демалыс күндері еліміздің көптеген облыстарында тұрақсыз ауа-райы сақталып жиі-жиі жаңбыр жауып, екпінді жел соғып, кей жерлерде өте қатты болады деп күтілуде», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Синоптиктердің ақпарынша, оңтүстік-батыстан және батыстан әуе массасының келуімен баланысты, ауа температурасы төмендеп жауын-шашынды болады, бірақ қалыпты нормадан 2-5ºС жоғарыда болып сақталады.
Сонымен, Астанада сенбі күні кейде жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік батысқа ауысады, екпіні 9-14, ауа температурасы күндіз +16°С. Жексенбіде синоптиктер 9-14 м/с жел тұрады деп болжауда, күндіз +8+10°С. Дүйсенбі күні түнде жауын-шашынды, батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы күндіз +8+10°С.
Алматыда сенбі күні жауын-шашын болмайды, 5 м/с жел тұрады, +22. Жексенбі және дүйсенбі күндері кейде жаңбыр күтіледі, 7 м/с жел, күндіз ауа температурасы +18+22°С.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46