Демалыс күндері Қазақстанның батысында ғана жауын-шашын болмайды, қалған аумағында жаңбыр жауады

Күні: 16:36, 09-06-2017.

Астана. 9 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанның батысында ғана демалыс күндері жауын-шашын болмайды, қалған аумағында 10-12 маусымда өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.  
«Батыс Сібірдің үстінде орналасқан циклондармен байланысты, суық атмосфералық фронттар, республиканың көптеген облыстарында демалыс күндерінің ауа-райын анықтайтын болады. Кей жерлерге өткінші нөсерлі жаңбыр жауып, найзағай болады, найзағай кезінде қатты екпінді  жел болады деп болжануда.  Ауа температурасы осы ретте климаттық нормадан төмен,  республиканың оңтүстігі  және оңтүстік-шығысында нормаға жуық болады деп күтілуде», - делінген жұмадағы синоптиктердің болжамында.  
Бұл ретте, Қазақстанның батысында алдағы екі тәулікте көбінесе жауын-шашынсыз, ал содан кейін кезекті атмосфералық фронттар жауын шақырады, кей жерлерге қатты  найзағай болып, бұршақ жауып, найзағай кезінде қатты екпінді жел болуы мүмкін.


Жаңалықтармен бөлісу: