Демалыс күндері Қазақстанның көптеген облыстарында қар аралас жауын жауады деп күтілуде

Күні: 16:29, 28-04-2017.

Астана. 28 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанның басым облыстарында 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында синоптиктер жауынның соңы қарға айналады деп болжап отыр, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым облыстарында бұрынғысынша, ала бұлтты, жиі жауын жауып, кейде арты қарға айналып, ауа температурасы әдеттегіден 2-5 градусқа төмен болады. Тек батыс облыстардың тұрғындары үшін күн ашық болып, ауа температурасы көтеріледі», - делінген жұма күнгі хабарда.  
Синоптиктердің мәліметтерінше, мамырдың басында жауын тыйылады, ауа температурасы ақырын, алдымен республиканың батысында, сосын қалған аумағында көтеріледі.  
Мысалы, Астанада 29-30 сәуірде ала бұлтты, жауын, оңтүстік-батыстан басталған 9-14 м/с жел, солтүстік-батыс бағытқа ығысады, ауа температурасы +11+18 градус
1 мамырда республикада жауын-шашынсыз, солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады, күндіз +11+13°С.
Алматыда демалыс күндері және мереке күндері ала бұлтты, кейде жауын жауады, 2-7 м/с жел соғады, ауа температурасы +10+14 градус.


Жаңалықтармен бөлісу: