Демалыс күндері Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар жауады деп болжануда
Астана. 3 наурыз. ҚазТАГ – Демалыс күндері, 4-6 наурызда Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысы алдағы үш тәулікте, бұрыңғысынша, биіктік циклондарының ықпалында болады. Осында көбінесе аздаған қар, тұман, көк тайғақ, ауа температурасы нормаға жуық және нормадан 1-3ºС төмен болады деп күтілуде», - делінген жұмадағы хабарда.
Соның әсерінен аз бұлтты, жауын-шашынсыз ауа-райы орнығады, бірақ түнгі және таңертеңгі уақыттарда, көрінуі 200-500 м, тұман болуы мүмкін. Ауа температурасы климаттық нормадан 4-7ºС жоғары болады деп күтіледі..