Демалыс күндері Қазақстанның солтүстігінде 25-градустық аяз болады деп күтілуде

Күні: 17:03, 26-03-2015.

Астана. 26 наурыз. ҚазТАГ – Демалыс күндері Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы 25 градус аязға дейін суытады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі баспасөз қызметінен.
Мысалы, 28 және 29 наурызда Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облысында түнде ауа температурасы минус -15-20 градус аяз болады, кей жерлерінде минус -25 градус болады.
Одан басқа, 29 және 30 наурызда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында солтүстік-батыстан 18-23 м/с жел тұрады, тау асуларында 30 м/с болады, түнгі ауа температурасы -3-8 градус болады.


Жаңалықтармен бөлісу: