Демалыс күндері еліміздің көптеген аудандарында ыстық болады деп күтілуде

Астана. 3 тамыз. ҚазТАГ - Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде ыстық күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Демалыс күндері республиканың үлкен бөлігінде ыстық ауа-райы басым болады, кей жерлерде күн күркірейді, өткінші жаңбыр жауады, солтүстікте екпінді жел соғады. Температураның негізгі фоны 25-30, оңтүстікте және батыста 33-38 градус. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс облыстарында жылудың кезекті толқыны күтіледі, 5 тамыздан бастап температура 25-32 градусқа дейін көтеріледі», - делінген хабарда.

adimage