Демалыс күндері синоптиктер Қазақстанда күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жауады деп болжап отыр

Астана. 24 маусым. ҚазТАГ – 25-27 маусымда Қазақстанның басым облыстарында тұрақсыз ауа райы болады, жаңбыр, бұршақ жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.  
«Алдымыздағы демалыс және дүйсенбі күндері Қазақстан территориясына, Солтүстік Урал аудандарынан солтүстік-батыс тропосфералық ағымдармен ылғалды ауаның келуі толастамайды. Сол себепті, республикамыздың көп облыстарында жауын-шашынды және бұршақты, тұрақсыз ауа-райы күтіледі», - делінген жұмадағы хабарда.
Синоптиктердің ақпарынша, дүйсенбі күні циклонның жандануына байланысты, солтүстік облыстарда жаңбыр нөсерге айналуы мүмкін.
«Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста суық фронттардың күшеюімен бұл жерлерде де жаңбыр болуы ықтимал, әсіресе таулы аймақтарда», - делінген мәтінде.

adimage