Демалыс күндері судың тасу қаупі Қазақстанның 8 өңірінде болжануда

Астана. 12 сәуір. ҚазТАГ - Демалыс күндері Қазақстанның 8 өңірінде су тасқыны қаупі бар деп болжануда, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«14-15 сәуірде Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында оң температура мен жауын-шашынның сақталуына, қардың еруіне, еріген қар сулардың пайда болу қаупіне, кептелудің пада болуына, су деңгейінің көтерілуіне және шығуына байланысты су тасқыны пайда болуы мүмкін», - деп мәлімдеді бейсенбіде.
Сонымен қатар, сенбі және жексенбі күндері синоптиктердің болжамдарына сәйкес сол себептер бойынша Шығыс Қазақстан өзендерінде сол себептермен жергілікті беткейлерден су ағынын одан әрі қалыптастыру, мұз кептемелер пайда болуы, су деңгейінің көтерілуі, өзендер арнасынан асып,  су тасқыны күтілуде.

adimage