Астана. 4 шілде. ҚазТАГ - 5 шілдеден бастап 8 шілдеге дейін Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы ыстық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарына батыс облыстарында болған аномальды ыстық ауа-райымен байланысты антициклон жылжыды. Сондықтан алдағы демалыс күндері солтүстік, орталық, оңтүстік және шығыс облыстарында ыстық және әсіресе жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі», - делінген сәрсенбі күні тартылған хабарда.
Солтүстік және шығыс облыстарда максималды температура плюс 30…38°С дейін, орталық және орталық-шығыс облыстардың кей жерлерінде плюс 40…43°С дейін жоғарылайды. Ал батыс облыстарға атмосфералық фронттар жылжып, соларға байланысты кей жерлерде найзағайлы және екпінді желді өткінші жаңбыр, сондай-ақ күндіз ыстықтың 30…36°С дейін әлсіреуі күтіледі, бірақ Маңғыстау облысында 40-градустық ыстық әлі де сақталады.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандық JAC халықаралық марапатқа ие болды
25 Сәуiр 2025, 22:14 -
Салық реформасы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді – сарапшылар пікірі
25 Сәуiр 2025, 15:18 -
Qarmet 2024 жылдың қорытындысы бойынша сыйақы төлейді
10 Сәуiр 2025, 11:58