Алматы. 17 қаңтар. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Алматының мамандандырылған ауданаралық сотында танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі бойынша сотталушыларға үкім шықты, деп хабарлады сот залынан агенттік тілшісі.
«А. Құдайбергенов ҚР ҚК 188 б.2б.2т.т. (ұрлық), 192 б.2б. 1, 5 т.т. (қарақшылық), 99 б. 2б. 7, 8 т.т. (адам өлімі) бойынша айыпты деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалсын, жазасын жоғары қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтесін», - деді үкімді оқыған судья Кеңшілік Әбделдинов бейсенбі күні.
Сондай-ақ, сот Н. Киясовты – ҚР ҚК 192 б.2б. 1, 5 т.т. (қарақшылық), 99 б. 2б. 7, 8 т.т. (адам өлімі) баптары бойынша айыпты деп танып, оған да сондай үкім шығарды.
Ж. Толыбаеваны сот ҚР ҚК 434 б (қылмыс туралы хабарламау), 24 б. 3 б., бойынша айыпты деп танып, ал 188б. 2б. 1 т.т. (алдын-ала сөз байласу арқылы ұрлық жасауға оқталу) бабы бойынша ақтап, 4 жылға бас бостандығынан айырды.
Сондай-ақ сотталушының әрқайсысынан 30 АЕК, Ж.Толыбаевдан 20 АЕК зардап шегушіге келтірілген зиянды өтеу қорына өндірілетін болады.
Бұған дейін прокурор А. Құдайбергенов пен Н. Қиясовты әрқайсысын 20 жыл бас бостандығынан айыруды, ал Ж.Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
Іс Алматының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында қаралуда. Сот отырысы судья Кеңшілік Әбделдиновтың төрағалығымен өтуде. Сот залында қаза болған спортшының ата-анасы мен жақын туыстары қатысып отыр.
Сотталушылар орындығында үш адам отыр - Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева.
А. Құдайбергенов ҚР ҚК 188 б.2б.2т.т. (ұрлық), 192 б.2б. 1, 5 т.т. (қарақшылық), 99 б. 2б. 7, 8 т.т. (адам өлімі), Н. Киясов – ҚР ҚК 192 б.2б. 1, 5 т.т. (қарақшылық), 99 б. 2б. 7, 8 т.т. (адам өлімі) баптары бойынша айыпталды.
Ж. Толыбаеваға – ҚР ҚК 434 б (қылмыс туралы хабарламау), 24 б. 3 б., және 188б. 2б. 1 т.т. (алдын-ала сөз байласу арқылы ұрлық жасауға оқталу) бойынша айыптар тағылды.
Еске салсақ, Сочидегі қысқы Олимпиаданың қола жүлдегері қазақстадық мәнерлеп сырғанаушы Д.Тенді 19 шілде күні өлтіріп кетті. Қайғылы жағдай Алматыда Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында сағат 15.00 шамасында орын алған. екі бұзақы көлік тұрағында тұрған Lexus GX 460 көлігінің жанындағы айнасын шешіп алмақ болған. Сол кезде оларға көлік иесі – Д.Тен келіп қалған. Сол сәтте ұрылар мен спортшы арасында төбелес болып, спортшы пышақтан ауыр жараланып, ауруханада көз жұмды. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәнерлеп сырғанаушының ауыр жарақат алғанын атап өткен.
Танымал мәнерлеп сырғанаушының өлімі қоғамдық резонанс тудырды. Қазақстандықтар ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың отставкаға кетуін және орын алған жәйттан кейін полицияға реформа керектігін талап етті. Олардың айтуынша егер тәртіп сақшылары тиімді жұмыс жасағанда мұндай қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.
Қазақстан спортына еңбегі сіңген спорт шебері, Олимпиада-2014 қола жүлдегері, 2015 жылғы Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы VII қысқы Азия ойындарының чемпионы және көптеген басқа да марапаттар иесі Д.Тен Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан атақты спортшы болған еді. Қазақстандықтың қоржынында барлығы 10 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль бар, оның басым бөлігін ол халықаралық турнирлерде жеңіп алған. Халықаралық конькишілер одағының ағымдағы рейтингінде ол әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушылар ондығына кірген болатын. Белгілі қазақстандық спортшы 25 жасында өмірден озды.
1 АЕК 2019 жылы Қазақстанда 2525 теңгені құрайды.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46