Денсаулықмині 2,2 млн жуық қазақстандыққа коронавирустен тегін екпе салуға уәде берді

Күні: 20:00, 06-08-2020.

Астана. 6 тамыз. ҚазТАГ – Денсаулықмині 2,2 млн жуық қазақстандыққа коронавирустен тегін екпе салуға уәде берді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«2 182 000 азамат COVID-19 дертінен тегін екпе алады», - деп хабарлады денсаулық министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожақметов.
Бұған дейін Қазақстандағы коронавирус жағдайы бойынша ведомствоаралық комиссия қыркүйектен бастап Алматы клиникасының базасында COVID-19 дертіне антиденесі жоқ 44 еріктіге клиникалық сынақ жасау (І фаза) басталатынын хабарлаған еді. Қазан айының ортасында клиникалық сынақтаң екінші кезеңіне өту, сөйтіп ДДСҰ талаптарына сәйкес келетін 200 еріктіге клиникалық сынақ жүргізіледі. Клиникалық сынақтың ІІ фазасы ВАК ақпарынша, 2020 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс.


Жаңалықтармен бөлісу: