Денсаулықминін де, үкіметтің де көңілі қалатындай кадрлық шешім қабылдануы мүмкін – Тоқаев

Астана. 1 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев минкабинеті мүшелерінің көңілін қатты қалдыратындай кадрлық шешім қабылдаймын деп қорқытты..
«Алексей Владимирұлы (Цой-ҚазТАГ), бұған дейін сізге дәл қазіргі кезеңде Денсаулық сақтау министрлігі Үкіметтегі басты фигура екендігін айтқан едім. Сіздің ерекше өкілетіңіз бар. Сіз жұмысты жақсы бастадыңыз. Дегенмен, одан кейін қарқынды айтарлықтай төмендетіп жібердіңіз. Сәуір бойы сіз жағдайды дұрыстауыңыз қажет. Олай болмаған жағдайда сіздің көңіліңізді қатты қалдыратын кадрлық шешім қабылданады. Бұл тек Денсаулық сақтау министріне ғана емес, сонымен бірге бүкіл Үкіметке қатысты», - деді Тоқаев бейсенбі күні коронавирусты инфекцияға қарсы іс-қимыл шаралары туралы жиын барысында.
Оның айтуынша, «екпе салудың созылып кетуі- бұл дерексіз проблема емес».
«Мәселе еліміздің ұлттық қауіпсіздігі жайында. Бұл азаматтарымыздың көптеп ауруға шалдығуы және көз жұмуы. Бұл бизнестің кірісінен айырылуы, бюджетке салықтың түспеуі, ұлттық байлықтың жалпы төмендеуі», - деді Тоқаев.

adimage