Депутат Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндерге Конституцияны білетіндігіне емтихан енгізуді ұсынады

Күні: 13:15, 29-03-2017.

Астана. 29 наурыз. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Үкімет Қазақстан азаматтығын алғысы келетін шетелдік азаматтар үшін Қазақстан Конституциясын білетіндігіне олардан емтихан алу қажет, деп есептейді парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.
«Заңды одан ары жетілдіру және оны Конституцияға сәйкестендіру аясында «ҚР азаматтығы туралы» ҚР заңына түзетулер енгізуді ұсынамын. Онда ҚР азаматтығын алғысы келетіндерден республика Конституциясын, Қазақстан мәдениеті мен тарихын, мемлекеттік тіл саясатын білетіндігіне емтихан алу нормасы қарастырылуы керек», - деді А. Перуашев сәрсенбі күнгі мәжілістің алқа отырысында премьерге жолдаған сұрағын жариялап тұрып.  
Оның айтуынша, бұл ұсыныста қандай дискриминация жоқ, бірақ азамат болғысы келетіндердің қазақстандық қоғамға қалыпты сіңісіп кетуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ мәжілісмен бұл ұсыныс «көші-қон ақуалының ушығып кетуін күтпестен қазақстандық сәйкестікті қорғау және көші-қонды реттеу бойынша алдын ала шаралар әзірлеуге» мүмкіндік береді деп есептейді.  
«Азаматтық алғысы келетіндерге емтихан тапсыру (сitizenship, или naturalization test) мигациялық тұрғыдан тартымды көптеген елдерде қарастырылған: Австралия, Австрия, Германия, Канада, Нидерландия, АҚШ, Израиль, Оңтүстік Кореяда. Ол аз десеңіз, ондай емтихандар негізінен ақылы, сондықтан бюджет үшін ешқанджай салмақ түсірмейді», - деп нақтылады ол.
«Кейбір жағдайларда емтиханды тек азаматтық алғысы келетіндер ғана емес, сонымен қатар еңбек мигранттары немесе ұзақ мерзімдік виза алғысы келетіндер де тапсырады – Голландия мен Ресей тіл түсінбеушілігі немесе әдеттегі тәртіп ережелерін білмейтіндігі себепті тұрғылықты халықпен шиеленіс тумас үшін осындай емтихан енгізген. Ұсынылып отырған шара дер кезінде ұсынылып отыр және басталған конституциялық реформаға сай келеді», - деп тұжырымдады А. Перуашев.


Жаңалықтармен бөлісу: