Дін үшін деп жасалған қылмыстардың барлығы да дінге қарсы жасалады, деп есептейді БҰҰ бас хатшысы

Күні: 16:10, 10-06-2015.

Астана. 10 маусым. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Дін үшін деп жасалған қылмыстардың барлығы да дінге қарсы жасалады, деп есептейді БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
«Әлемдік дін көшбасшылары өз дініндегілерге бірлестіктің, түсіну мен өзара сыйластықтың шын мағанасына оқытуы тиісті. Дін көшбасшылары өз дініндегілер Құдайдың атымен қандай да қылмыс жасағанда сөз сөйлеуге міндетті. Дін үшін деп жасалатын осы қылмыстардың барлығы да, шын мәнісінде, дінге қарсы жасалатын қылмыс болып табылады», - деді Пан Ги Мун сәрсенбі күні V әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезінде.
Ол адамзаттың қазіргі буыны жаһандық жоқшылыққа балта шабатын бірінші буын, және жаһандық жылуға байланысты проблеманы тым кеш болмай тұрғанда шешетін соңғы буын болып табылатынын атап көрсетті.  
«Десек те біз орасан зор қатерге тап болып отырмыз: азаматтық қақтығыстар, терроризм, ұйымдасқан қылмыс, есірткі трафигі мен миллиондаған адамдардың денсаулығына байланысты қауіп-қатер. Осы қауіп-қатер бір шекарадан екінші шекараға көшіп жүр. Біз интеграциялқ үлгідегі көптеген елдерден байқап отырғанымыздай, бөліп-жару саясаты дамуда. Дін көшбасшылары, дәстүрлі болсын, дәстүрлі емес болсын, шешуші рөл атқарады», - деді ол.  
«Осындай құбылмалы кезеңде дін көшбасшылары барша жұртшылықтың басын біріктіру үшін, сондай-ақ  шиеленіске байланысты және бейбітшілікті баптау проблемаларын шешуде   біртұтас негіз құру үшін құндылықтарға негізделген желім қызметін атқара алады.
Бұған ізгілік құндылықтарын қолдау үшін рухани көшбасшыларды қолдана отырып, сондай-ақ адам құқықтарының әмбебап декларациясында, сонымен қатар азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіде  көрсетілген және барлық әлемдік діндердің ілімінде көрініс тапқан ортақ құндылықтарды дәріптей келе, диалог жолымен қол жеткізуге болады», - деді БҰҰ бас хатшысы.
Пан Ги Мун әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының диалогына мұрындық болғаны үшін ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.  
««Мен (ҚР президенті Нұрсұлтан - ҚазТАГ) Назарбаевтың дін көшбасшыларының осы съезін өткізіп отырғандағы көшбасшылық көрегендігін жоғары бағалаймын. Түсіністікті тереңдету және мәдени ынтымақтастық пен өзара сыйластықты жөнге келтіру үшін бүкіл әлемдегі саяси және дін көшбасшыларының арасындағы осындай қажетті диалогты қолға алудағы осынау дер кезіндегі бастамаңыз үшін сізге алғысымды айтамын, президент мырза», - деді ол.
«Адамдар мен қоғамдастықтардың араласуы - ол әлемнің осы бөлігіндегі тек қана ізгілікті мақсат қана емес, ол сіздің тарихыңыздың бір бөлігі, және ол өңірді анықтап, әлемді байытып, сізді қазіргідей етіп қалыптастырды. Бұл туралы қайдағы бір бос декларация қабылдаудан гөрі сіз қандай да бір терең, ерекше және мәнді нәрсеге ұмтыласыз. Осы съезді өткізу және басқа да күш жігер арқылы, Сіз, президент, үйлесімді қоғам ешқашан өзінен-өзі жасалмайтынын, оны күн сайын бағып-қағып өсіру керектігін білесіз. Ол ерекше қорғауды қажет етеді. Сіздің әлеуметтік және жаһандық күн тәртібінің фундаменталды бөлігі болып табылатын осынау сын-қатерлер шешімін табуды қамтамасыз ету бойынша жұмсап отырған күш-жігеріңіз үшін мен Сізге алғысымды айтамын», - деп қорытындылады Пан Ги Мун.      



Жаңалықтармен бөлісу: